Транспортно-логистическая
инвестиционная группа компаний
Республики Казахстан
Құрылым
География присутствия
«PTC Holding» ЖШС
«PTC Holding» компаниялар тобының Басқарушы компаниясы. Көлік-логистика қызметтерінің алуан түрін көрсететін қарқынды дамып келе жатқан компания. Орталық Азияда теміржол жылжымалы құрамы мен инфрақұрылымына ірі меншік иелерінің бірі және операторы.
«PTC Operator» ЖШС
«PTC Holding» Компаниялар тобының жылжымалы құрамының негізгі операторы. Қазақстан Республикасындағы жылжымалы құрамның ірі операторларының және меншік иелерінің бірі. Қызмет бағыты – мұнайхимия және құйылатын мұнай жүктері.
Сайтқа өту
«PTC Cargo» ЖШС
Контейнерлік тасымалдау саласындағы көлік-логистикалық компания. Ірі тоннажды контейнерлерді тасымалдайды. Негізгі бағыттары – Қытай, Еуропа және Орталық Азия.
Компания Достық станциясында шекаралық жүк тиеу терминалын басқарады, сұралған бағыттарға жөнелту үшін контейнерлік пойыздарды құрастырып, қамтамасыз етеді.
Сайтқа өту
«Petroleum» ЖШС
Инфрақұрылым нысандарын басқаруға арналған компаниялар тобы. Инфрақұрылым нысандары, мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газ тасымалдауға арналған вагон-цистерналардың меншік иесі. Атырау қаласында «Batys Petroleum» ЖШС, Павлодар қаласында «Ертіс-Сервис» ЖШС, Шымкент қаласында «Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС шаю-булау станцияларының, сондай-ақ Атырау қаласындағы «АМӨЗ-КИД» ЖШС теміржол инфрақұрылымының операторы болып табылады.
«PTC-Транс» ЖШҚ
Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) орналасқан. «PTC Holding» Компаниялар тобының Ресей нарығында жұмыс істеуіне арналған аймақтық өкілі.
Компанияның қызметтері – жүк тиеуге вагондар ұсыну, көлік-жүк жөнелту қызметін көрсету, тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, тасымалдаудың барлық аумағы бойынша теміржол тарифін төлеу, тәулік бойы диспетчерлік қызмет көрсету.
«PTC-CA» ЖШҚ
Ташкент қаласында орналасқан (Өзбекстан Республикасы). «PTC Holding» Компаниялар тобының жылжымалы құрам операторы. Компанияның қызметтері – жүк тиеуге вагондар ұсыну, көлік-жүк жөнелту қызметін көрсету, тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, тасымалдаудың барлық аумағы бойынша теміржол тарифін төлеу, тәулік бойы диспетчерлік қызмет көрсету.