«ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ішкі нарықтағы битумның маусымдық тапшылығын бірқатар жүйелі шаралар қабылдау есебінен болдырмауға болатынын атап өтті.
«Кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Жол-құрылыс жұмыстары маусымында ішкі нарықта битум тапшылығы мәселесі бойынша әділ сын айтты. Біз әріптестерімізбен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қалыптасқан жағдайды өзгерту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауымыз қажет», — деді Мырзағалиев АМӨЗ және Атырау қаласындағы Caspi Bitum Ақтау битум зауыты басшылығының қатысуымен өткен кеңесте.
Кеңес барысында атап өтілгендей, Қазақстанда битумға сұраныс әлі де маусымдық болып қала береді және жазғы кезеңде — белсенді жол құрылысы кезінде артып келеді. Осыған байланысты Мырзағалиев ҚМГ-ның жауапты құрылымдық бөлімшелеріне уәкілетті мемлекеттік органдармен мемлекет тарапынан жол-құрылыс ұйымдарын жыл бойы қаржыландыру (аванстау) мүмкіндігін талқылауды тапсырды. Бұл ішкі нарықта жол-құрылыс жұмыстары маусымының басында қажетті битум қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Caspi Bitum зауытының өкілдері хабарлағандай, жоғары сапалы битум өндірісін 1,5 есеге, жылына 750 мың тоннаға дейін арттыру мүмкіндігі бар. Компанияда алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, мамандар жобалауға кіріседі.
Еске сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» зауыттарының битум өндіру бойынша ең жоғары қуаты жылына 800-850 мың тоннаны құрайды, оның 500 мың тоннасын Caspi Bitum өндіреді. Бұл зауыттың ерекшелігі кез-келген климаттық жағдайда және ұзақ уақыт бойы пайдалануға және сақтауға болатын биг-бэгтерде оралған битумды өндіру мүмкіндігі болып табылады.
Сондай-ақ, кеңесте АМӨЗ басшылығы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істейтіні, қазіргі уақытта өндірістік көрсеткіштер орындалғаны туралы ақпарат берді. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша зауытта қайта өңдеу көлемі 5 миллион тоннадан асады. Жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қыркүйекке жоспарланған АМӨЗ жөндеуді неғұрлым кеш кезеңге ауыстыру нұсқалары пысықталуда. Осыған байланысты Мырзағалиев АМӨЗ басшылығына жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, зауытты жөндеуді ауыстыру бойынша дайындық шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.
https://tengrinews.kz/news/voprosyi-proizvodstva-otgruzki-nefteproduktov-obsudili-476828/