Транспортно-логистическая
инвестиционная группа компаний
Республики Казахстан

Нарық қатысушылары контейнерлік жүк тасымалының құнын төмендету керек деп есептейді

Олар арнайы баға есептеу механизмін енгізуді ұсынып отыр.

Нарық қатысушылары контейнерлік жүк тасымалының құнын төмендету керек деп есептейді

Бұл туралы Алматыда өткен «New silk way» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумында «РТС Holding» ЖШС басқарма төрағасы Тимур Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлемде контейнерлік тасымал жүк жөнелтудің ең сұранысқа ие және сенімді түрі. Халықаралық нарықта оның үлесі 90%-ды құрайды. Қазақстанда да контейнерлік жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Мәселен, былтыр көрсеткіш 22%-ға артты. Алайда ішкі және экспорт-импорттық бағыттар бойынша сұраныс төмен.

Тимур Қарабаевтың айтуынша, 2020 жылы контейнерлік жүк тасымалы бойынша импорт пен экспорт 3%-ды құраса, 2021 жылы 5,4%-дан аспаған. Мұның басты себебі – тариф жоғары.

«Мамандар 5,4%-дың төмен көрсеткіш екенін түсінеді. Мультимодальдік тасымалды алға жылжыту отандық кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді. Бірақ саланы тежеуші факторлар бар. Ол тариф мәселесі. Қазақстанда бір тонна жүкті контейнерде тасымалдау құны басқаларынан 2,5-3 есе жоғары», – дейді «РТС Holding» басқарма төрағасы.

Сонымен қатар пандемия экспортқа ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға дайын кәсіпорындардың көптігін көрсетті. Әйтсе де, жүктің өзіндік құнының арзан, ал тасымал тарифінің жоғары болуына байланысты бұл тиімсіз болып отыр. Соған сәйкес, кәсіпорындар өндірісін тежеуге немесе өнімді сыртқа шығарып, экспорттық табыстың біраз бөлігінен қағылауға мәжбүр.

«Осындай форумдарда аталған мәселерді көтеру маңызды. Менің білуімше, әлем елдерінде 07 коэффиценті қолданылады. Нәтижесінде, контейнерлік тасымал құны басқаларымен теңеседі. Әрине, жүктеме артқан сайын көбірек контейнерлер керек болады, бұл қайта бағаға ықпал ететіні түсінікті. Бұған өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан қарау керек. Еліміздегі 445 теміржол стансасының тек 18%-ы контейнерлерді қабылдауға қабілетті. Ал сұраныс артса жүкті жөнелтушілердің өзі мұның барлығын реттеуге мүдделі болады», – деді Тимур Қарабаев.

Айта кететіні, екі күндік форумға 14 елден келген 350-ге жуық сарапшы қатысты. Олар теміржол логистикасымен қатар, халықаралық автокөлік тасымалдары, теңіз логистикасы, азаматтық авиацияны дамыту және маман даярлау мәселелерін талқылады.

Остались вопросы?

Обратитесь к нашим специалистам:

Клиенты и партнеры

«PTC Holding» - транспортно-логистическая инвестиционная группа компаний, международный провайдер комплексных логистических услуг в нефтегазовой и контейнерной сферах, крупнейший собственник и оператор железнодорожного подвижного состава и инфраструктуры в странах Центральной Азии. Оказывает полный спектр транспортно-логистических услуг.

Мы создаем реальную ценность для наших клиентов и партнеров с помощью инновационных решений, устойчивых результатов и долгосрочного роста.

PTC в цифрах

16 компаний входят в состав группы компаний
6 стран Казахстан, Китай, Узбекистан, Кыргызстан, Грузия и Турция
1484 количество персонала в 13 городах
40% доля терминала по перевозке контейнеров на ст.Достык в 2023 году
13% доля в контейнерном грузообороте через Казахстан в 2023 году
13313 единиц общий парк вагонов
14 млн тонн нефтепродуктов перевезено в 2023 году
1556 контейнерных поездов отправлено с терминала в 2023 году
169000 ДФЭ перегружено на терминале на ст.Достык в 2023 году
Наши компании
PTC-CA
Petroleum
АО «PotiTransTerminal»
PTC Freight Agency Co., Ltd
PTC-KG LLC
error: Content is protected !!