kaz

Қазақстан Республикасының
теміржол және инфрақұрылым
операторы

PTC Holding Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге Қайрымдылық қорға 50 млн теңге аударды

«Қостанай облысында бесінші күн қатарынан өрттің салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Елді мекендер зардап шекті, кейбір тұрғындар мен өртке қарсы қызмет қызметкерлері жарақат алып, күйік шалды. Қазір қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмектесу маңызды», – деп түсіндірді Маркетингтік коммуникациялар және PR директоры Юлия Валиахметова.

Жақында топ акционерлері жедел көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Ақша өрттен зардап шеккендерге қаражат жинақтау үшін арнайы құрылған «Қайырымдылық KZ» қоғамдық қорының шотына аударылды.

«Орман қорын қалпына келтіруге ондаған жыл кететіні түсінікті. Бірақ адамдар зардап шекті, олар баспанасыз қалды. Бұл қорқынышты. Біз олардың жаңа үйлеріне тезірек оралғанын қалаймыз. Біздің компания шетте қала алмады. Сондықтан ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылданды», – деп түсіндірді компанияның Басқарма Төрағасы Тимур Қарабаев.

Компания бірлескен күш-жігердің арқасында Қостанай облысындағы жағдайды қысқа мерзімде қалыпқа келтіруге болатынына сенім білдірді. Қазақстанның күші-бірлікте!

Клиенттер мен серіктестер

«PTC Holding» ЖШС — қарқынды дамып келе жатқан компаниялар тобы. Инновациялар мен тәжірибенің, әрбір клиентке деген жеке көзқарастың үйлесімі «PTC Holding» - ке жаңадан келгендерден нарық көшбасшыларының біріне өтуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда компания - Орталық Азиядағы ең ірі меншік иесі және әртүрлі теміржол жылжымалы құрамының операторы. Көлік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Біз инновациялық шешімдер, тұрақты нәтижелер және ұзақ мерзімді өсу арқылы клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін нақты құндылық жасаймыз..

РТС сандармен

14.1 млн тонна тасымалдау көлемі
2021 жылдың 8 айы үшін
11602 бірлік жылжымалы құрамы
1 орын вагон-цистерналар паркі
орталық азия
16 ел Бизнес географиясы
13580 есе өсті 2018 жылы
тасымалдау көлемі
1446 адам қызметкерлер саны
Наши компании
PTC-Транс
PTC-CA
Petroleum