Қазақстан Республикасы компанияларының
-логистикалық инвестициялық тобы

Елімізде тағы бір министрлік құру ұсынылды

Көлік-логистика саласының өкілдері осындай бастама көтерді.

Елімізде тағы бір министрлік құру ұсынылды

Алматыда «TransLogistica Kazakhstan 2022» халықаралық көрмесі өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орталық Азиядағы көлік және жүк жеткізу қызметтері мен технологиялары бойынша ең ірі жиынға биыл әлемнің 9 елінен, 86 компания қатысуда. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сенімді серіктестік орнатып, саладағы өзекті мәселелерді талқылауда.

Солардың бірі – мультимодальдік тасымалды дамыту.

«РТС Holding» ЖШС басқарма төрағасы Тимур Қарабаевтың айтуынша, елімізде әртүрлі көлікпен аралас тасымалдау жолға қойылмаған. Жүкті темір жолмен алып келіп, су көлігіне тиеп, автомобильмен апарып, әуе көлігіне салып жіберу сынды жолдар қарастырылмайды.

«Өзара байланыс жоқ. Теңіз порттары, автокөліктер, темір жол, әуе көлігі – әр сала өзінше дамуда. Бастапқыда көлікпен, кейін теміржолмен жеткізуге болатын тауарлар жетерлік. Неге осы бағытта жұмыс жасамасқа?», – деді спикер.

Әлемде контейнермен тауар жеткізу жақсы жолға қойылған. Пандемиядан бері көрші Қытай да өнімдерді тек контейнермен қабылдайды. Аталған елде қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары, экспорт та артуда. Алайда «ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледінің» кері. Бұлай дейтініміз сұранысты отандық кәсіпкерлер қанағаттандыра алмай отыр. Оның басты себебі – ішкі контайнерлік тасымал тарифінің 2,5 есе жоғары болуы. Салдарынан отандық кәсіпкерлер өнімдерін өзге елдерге төмендетілген бағамен сатуға мәжбүр. Ал көрші Ресей тәжірибесіне үңіліп көрелік. Мәселен, ресми Мәскеу 2005-2007 жылдардан бері аталған секторды қолдау мақсатында арнайы төмендетілген баға бекітті. Нәтижесінде, соңғы 5 жылда сала 2 есе дамыған.

Тимур Қарабаев бұл ретте сан сауалдың тууына мемлекеттік саясатты әзірлейтін орталық мемлекеттік органның жоқтығы ықпал етіп отыр деп есептейді. Сондықтан дербес министрлік құру орынды болар еді деген пікірімен бөлісті.

«Біз мықты транзиттік мемлекетпіз. Елімізде барлық көлік түрі бар. Бірақ профильдік министрлік жоқ. Барлық мәселе осыдан басталады. Нарық қатысушыларына көмектесудің қажеті жоқ. Саланың даму бағытын айқындау керек. Тек сонда ғана жоспар, векторлық жобалардың тізімі жасалады. Тиісті министрлік көлік-логистика кешенін, оның ішінде контейнерлік тасымал саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырып, отандық бизнес иелерінің мүдделерін қорғайтын еді», – деп түсіндірді спикер.

«РТС Holding» ЖШС бас директоры Олжас Шілтреханов Үкімет кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып, көлік-логистика кешеніндегі түйіткілді сауалдарды бірге талқылауы керек деп есептейді.

«Қазір тасымалдау саласындағы жеке компаниялар баршылық. Олар контейнерлік алаңдар салып, өз беттерінше еңбек етуде. Бірақ бұл алаңдарда жұмыс тұралап қалып жатыр. ҚТЖ мен Үкімет тарифті біркелкі етсе, инфрақұрылымды дамытуға, қаржы салуға дайын жеке компаниялар бар. Ол үшін ҚТЖ басшылары мен Үкімет мүшелері бизнес иелерімен кездесулер ұйымдастыру керек. Бұл қордаланған мәселелерді жеткізіп, ұсыныстар айтып, арнайы мемлекеттік бағдарлама жасауға ықпал етер еді», – деді Олжас Шілтреханов.

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Мамандарымызға жүгініңіз:

Клиенттер мен серіктестер

«PTC Holding» ЖШСкомпаниялардың көліктік-логистикалық инвестициялық тобы, кешенді логистиканың халықаралық провайдері мұнай-газ және контейнерлік салалардағы қызметтер, Орталық Азия елдеріндегі теміржол жылжымалы құрамы мен инфрақұрылымының ірі меншік иесі және операторы. Көліктік-логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсетеді.

Біз инновациялық шешімдер, тұрақты нәтижелер және ұзақ мерзімді өсу арқылы клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін нақты құндылық жасаймыз..

РТС сандармен

15.6 млн тонна тасымалдау көлемі
2021 жылдың 8 айы үшін
11438 бірлік жылжымалы құрамы
13724 есе өсті 2018 жылы
тасымалдау көлемі
1 орын вагон-цистерналар паркі
орталық азия
16 ел Бизнес географиясы
1446 адам қызметкерлер
саны
16 кәсіпорын ҚАЗАҚСТАНДА, РЕСЕЙДЕ, ҚЫТАЙДА, ӨЗБЕКСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ГРУЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКИЯ
Наши компании
PTC-Транс
PTC-CA
Petroleum
АО «PotiTransTerminal»
PTC Freight Agency Co., Ltd
PTC-KG LLC