kaz

Қазақстан Республикасының
теміржол және инфрақұрылым
операторы

МҰНАЙ ӨҢДЕУ НАРЫҒЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

«PTC Holding» «ARGUS. МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ НАРЫҒЫ 2019. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ТМД» 12-халықаралық конференциясына серіктес болды.

2019 жылы ТМД елдерінің мұнай өнімдерінің ішкі және экспорттық нарығының дамуына қатты әсер ететін оқиғалар 10-11 қазанда Мәскеуде өткен «Argus. Мұнай өнімдерінің нарығы 2019. Ресей және ТМД» 12-халықаралық конференциясында талқыланды.

Конференцияға посткеңестік кеңістік елдерінің мұнай өнімдерін негізгі өндірушілері, трейдерлер, көлік компаниялары мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. «PTC Holding» ЖШС шараға ресми серіктес болса, ал компания өкілдері конференцияның панельдік сессиялары жұмысына қатысты.

Конференцияның басты тақырыптары нарықты жақын болашақта және ұзақмерзімді перспективада қандай өзгерістер күтетіндігі болды. Ресейдің мұнай өңдеу саласының қазіргі жағдайы және перспективалары, сондай-ақ саланы реттеудегі өзгерістер және олардың салдарлары егжей-тегжейлі қаралды.

Пікірталасқа IMO 2020-ның мұнай өнімдері нарығына ықпалы, әлемдік мұнай өнімдері нарығының жағдайы және мұнай өңдеуді дамытудың жаһандық болжамы, нарықтардың болашағы, атап айтқанда мөлдір және қара мұнай өнімдерінің тепе-теңдігі қалай өзгереді деген тағы бір тақырып арқау болды.

Қатысушылар мұнай өнімдері нарығындағы ұзақмерзімдік бәсекелестік элементі ретінде цифрлы технологияларды енгізу мәселелері жөнінде пікір алмасып, жаңа салықтық реалияларды және олардың мұнай өңдеуге әсерін, Ресейдегі салық өзгерістерінің алғашқы қорытындысы және ықтимал өзгертулер, көршілес мемлекеттердің мұнай өнімдері нарықтарын талқылады.

Клиенттер мен серіктестер

«PTC Holding» ЖШС — қарқынды дамып келе жатқан компаниялар тобы. Инновациялар мен тәжірибенің, әрбір клиентке деген жеке көзқарастың үйлесімі «PTC Holding» - ке жаңадан келгендерден нарық көшбасшыларының біріне өтуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда компания - Орталық Азиядағы ең ірі меншік иесі және әртүрлі теміржол жылжымалы құрамының операторы. Көлік-логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Біз инновациялық шешімдер, тұрақты нәтижелер және ұзақ мерзімді өсу арқылы клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін нақты құндылық жасаймыз..

РТС сандармен

14.1 млн тонна тасымалдау көлемі
2021 жылдың 8 айы үшін
11602 бірлік жылжымалы құрамы
1 орын вагон-цистерналар паркі
орталық азия
16 ел Бизнес географиясы
13580 есе өсті 2018 жылы
тасымалдау көлемі
1446 адам қызметкерлер саны
Наши компании
PTC-Транс
PTC-CA
Petroleum