Адамдар – «PTC Holding» компаниялар тобының басты активі және негізгі бәсекелік артықшылығы. Кадрлық саясатымыздың негізгі міндеті – қызметтің тиімділігін арттыруға және қызметкерлер құрамының корпоративтік міндеттерді іске асыруға жұмылуына барынша ықпал ететін және қызметкерлер құрамын басқару саласында тәсілдемелер мен принциптердің мөлдірлігін, ашықтығын қамтамасыз ететін жұмыс жағдайларын жасау.
Біз өзімізді көшбасшыға айналдыратын әлеуетті көшбасшыларды іздейміз.
Бізге қажет мамандар
Қаржы бөлімінің бас маманы
Талаптар
Білімі:
- қаржы, экономика және техникалық мамандықтар бойынша жоғары
Жұмыс тәжірибесі:
- қаржы және экономика саласында 2 жылдан кем емес
БІлуі тиіс:
- 1С-ті тәжірибелі қолданушы деңгейінде;
- жобаларды қаржылық модельдеу негіздері
- компанияның бюджетін жасау негіздері
- қаржылық және басқарушылық есептілікті талдау машықтары
Қызметтік міндеттері
- компания бюджетінің қалыптасуын, орындалуын және есептілігін бақылау;
- жалпы компанияның және жеке жобалар бойынша қаржылық модель құру;
- компания ішінде бизнес үдерістерді автоматтандыру;
- төлемдерді жүргізудің бюджет бойынша лимиттерге сәйкестігін бақылау;
- жаңа займдар, лизинг және т.б. тарту бойынша қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу;
- компанияның басқару есептілігін дайындау және талдау;
- компания қызметінің өндірістік көрсеткіштерін талдау;
- компанияның қызметі бойынша басшылық үшін таныстырылымдар дайындау.