«PTC Holding» компаниялар тобының меншікті жылжымалы құрам паркі 1 597 бірлікке толықты.
Оның ішінде:
799 15-1547-03 үлгісіндегі мұнай құю цистерналары;
548 12-1704-04 үлгідегі жүк түсіретін люктері бар ашық вагондар;
250 15-1210-03 үлгісіндегі мұнай-химия цистерналары.
15-1210-03 үлгісіндегі мұнай-химия цистерналарының бірегей ерекшелігі жақсартылған сипаттамаларға негізделеді, бұл бензолды, хош иісті көмірсутектердің фракцияларын, эфирлерді және т.б. қоса алғанда, оларда 168 жүк түрін тасымалдауға мүмкіндік береді.