«PTC Cargo» ЖШС бас директоры лауазымына 2021 жылғы мамырда тағайындалды.
2021 ж. ─ «PTC Holding» ЖШС басқарушы директоры.
2019-2021 жж. ─ «KTZ Express» АҚ бас директорының логистика және операциялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары.
2019 ж. ─ «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бас директоры.
2015-2019 жж. ─ «Кедентрансервис» АҚ өндіріс және сату жөніндегі вице-президенті.
2015 ж. ─ «Кедентранссервис» АҚ жүк және операциялық жұмыс жөніндегі атқарушы директоры.
2015 ж. ─ «ҚТЖ» ҰК» АҚ «KTZ Express» АҚ сату және клиенттермен жұмыс департаментінің бас менеджері.
2014 ж. ─ «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қазтеміртранс» АҚ вагондар операторының қызметін ұйымдастыру жөніндегі департамент директорының орынбасары.
2013 ж. ─ «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдау процесі дирекциясының жүк тасымалы саласындағы коммерциялық жұмыс департаменті директорының орынбасары.
2009-2013 жж. ─ «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Астана станциясы» филиалының директоры.
2004-2009 жж. ─ «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Астана станциясы» жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі филиал директорының орынбасары.
2002-2004 жж. ─ Ақмола тасымалдау бөлімі, Астана станциясы бастығының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі көмекшісі, Астана станциясы бастығының жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары.
2000-2001 жж. ─ «Transsystem» халықаралық көлік компаниясының кеден брокері.
1999-2000 жж. ─ Ақмола жол бөлімі, Ақмола станциясының жүк және багажды аға қабылдап-тапсырушысы.
1997 ж. ─ Алматы жол бөлімі Алматы-1 станциясының жүк және багажды қабылдап-тапсырушы.
«1.37T-Management of Transportation Processes» мамандығы бойынша University of Reading (Ұлыбритания) Henley Business School (Хенли бизнес мектебі) ғылыми тағылымдамадан өтті.
ҚазККА магистратурасын және CNAM университетін (Франция) TEMPUS жобасы бойынша «Халықаралық теміржол көлігіндегі интероперабельділік, сертификация және қауіпсіздік» мамандығы бойынша үздік бітірді.
«Қазақ жол қатынастары университетін» «Көлік тасымалын, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдады.
«Әділет» жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдады.
«Қазақ Көлік және коммуникация академиясын» (ҚазККА) теміржол көлігіндегі инженер-экономист мамандығын үздік тәмамдаған.